Астанада ақын Шөмішбай Сариевке арналған әдеби-сазды кеш өтті

Астанада ақын Шөмішбай Сариевке арналған әдеби-сазды кеш өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын Шөмішбай Сариевтің 80 жылдығына арналған «Шөмішбай Сариев – қос қанатты ақын» атты әдеби-сазды кеш өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері, журналистер, зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары мен студенттер және ақынның туыстары қатысты.

Қонақтарға ақын шығармашылығына арналған «Жырмен өрілген ғұмыр» атты кітап көрмесі ұсынылды. Сондай-ақ кітапхана қызметкерлері 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Шөмішбай Сариевке арналған зал бойынша экскурсия жүргізді. Мұнда автордың жеке кітаптары мен қолжазбалары, марапаттары, сондай-ақ 1000-ға жуық өзге де кітаптар мен архивтік құжаттар сақталған.

Іс-шара аясында ақын шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылып, жақындары естеліктерімен бөлісті.

Еске сала кетейік, елордада Astana Eurasian Book Fair-2026 халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.