Астанада 18 жастағы тұрғын алғаш рет дауыс берді

Бүгін, 12:21
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада 18 жастағы тұрғын алғаш рет дауыс берді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Биыл кәмелет жасына толған қазақстандықтар алғаш рет өздерінің сайлау құқығын пайдаланып жатыр. Алғаш рет дауыс беруге келгендердің қатарында елорда тұрғыны, 18 жастағы Сабина Ғабдул-Камит те бар. Ол сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жас сайлаушы үшін бұл күн маңызды әрі есте қаларлық оқиға болды. Сабинаның айтуынша, Құрылтай сайлауында дауыс беру – өзінің азаматтық ұстанымын білдіріп, елдің болашағына үлес қосуға берілген мүмкіндік.

«Бүгін алғаш рет дауыс беруге қатыстым. Мен үшін бұл – толқынысы мен жауапкершілігі қатар сезілген ерекше сәт. Әр азамат белсенді болып, өз таңдауын өзі жасауы керек деп есептеймін. Бүгін сайлау құқығымды пайдалана алғаныма қуаныштымын», – деп әсерімен бөлісті Сабина Ғабдул-Камит.

Еске сала кетейік, Астанада жарты ғасырдан астам уақыт бұрын отасқан отбасы сайлауда дауыс берді.