13.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Астана – Жезқазған» бағытындағы пойыз Қызылордаға дейін ұзартылады

|
Photo: ҚТЖ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

«Астана – Жезқазған» бағытындағы пойыз Қызылордаға дейін ұзартылады

|
Photo: ҚТЖ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 14 желтоқсаннан бастап Тальго №65/66 «Астана – Жезқазған» пойызының бағытын Қызылордаға дейін ұзартады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Жаңа бағыт елдің орталық және оңтүстік өңірлерін тікелей байланыстырады. «Астана – Қызылорда» пойызы күнара қатынайды. Бұл бағытта бір сапарда 400-ден астам жолаушы тасымалданады.

Бағытта жайлы Тальго вагондары қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін 50% жеңілдікпен арнайы бейімделген орындар қарастырылған», - делінген хабарламада.

Бағыттың ұзаруы жол жүру уақытын стандартты пойыздардан 7 сағатқа қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде еліміздің ірі өңірлері арасындағы көлік қатынасын тұрақтандырып, жолаушылардың қысқы маусымдағы сапарын едәуір арттырады.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайтынан және теміржол вокзалдарының билет кассаларынан сатып алуға болады. Қосымша ақпаратты 1433 тегін нөмірі арқылы білуге болады. Пойыздардың нақты келу және жөнелту уақыты туралы ақпарат tablo-railways.kz онлайн-таблосында қолжетімді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗