Референдум-2026

Астана қаласындағы мемлекеттік қызметтер сапасы: биылғы І жартыжылдық қорытындысы

Бүгін, 12:32
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Астана қаласындағы мемлекеттік қызметтер сапасы: биылғы І жартыжылдық қорытындысы
Фото: Оңалхан Өнерхан

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті 2026 жылдың алты айында мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізу қорытындысын жариялады. Басты мақсат – әрбір азаматқа қолжетімді, ашық әрі тиімді қызмет ұсыну, деп хабарлайды Elordainfo.kz департаментке сілтеме жасап. 

Негізгі көрсеткіштер мен нәтижелер

Бақылау шаралары: Есепті кезеңде 80-нен астам бақылау іс-шаралары (5 жоспарлы тексеру, 56 өтініштер негізінде, 22 сыртқы байқау) жүргізілді.

Анықталған бұзушылықтар: Тексерулер нәтижесінде барлығы 75 644 бұзушылық анықталды, оның ішінде 55 029 қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту, 19 643 қызмет көрсету мерзімдерінің сақталмауы, 972 өзге де бұзушылықтар. Анықталған бұзушылықтарды жою және қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 7 нұсқама мен 16 ұсыным енгізілді.

Азаматтар құқығын қорғау: Қызмет сапасына қатысты 87 шағым қаралып, негізді жүгінген 14 қызмет алушының (100%) құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ, сыртқы байқау барысында тағы 31 азаматтың бұзылған құқығы қорғалды.

Жауапкершілік: рұқсат құжаттарын беру мерзімдерді бұзғаны үшін 4 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 169 070 теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ қызмет берушілердің 12 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қоғаммен байланыс: Департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының отырыс шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіру және сапасын арттыру бойынша мемлекеттік органдарға 24 нақты ұсыныс берілді. Сондай-ақ, қоғам белсенділерімен бірге мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнаманы сақтау, мобильдігі төмен азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында 17 қоғамдық мониторинг жүргізілді. Анықталған ескертулер бойынша шаралар қабылданды.

Алдын алу жұмыстары: Халықтың хабардарлығын арттыру бойынша 100-ге жуық түсіндіру іс-шарасы ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызметтердің бизнес-процестерін талдау нәтижесінде оларды жетілдіру бойынша 18 ұсыныс әзірленді.