«Астана – Павлодар» бағытындағы автобанда жылдамдық режимі төмендетіледі
«Астана – Павлодар» бағытындағы жолда жылдамдық режимі 30 км/сағатқа төмендетіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясына сілтеме жасап.
Қыстағы ауа райының қолайсыздығына, жол-көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты Ішкі істер министрлігі халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жылдамдық режимін уақытша төмендету туралы шешім қабылдады.
«Аталған шешімге сәйкес, 9 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап «Астана – Павлодар» жолында көлік үшін белгіленген ең жоғары жылдамдық 140 км/сағаттан 110 км/сағатқа дейін төмендетіледі. Бұл шектеу қысқы кезеңде қолданылады және уақытша сипатқа ие», делінген хабарламада.
Көктемгі-жазғы кезең басталғаннан кейін жолдың техникалық және климаттық жағдайына қарай бұрынғы жылдамдық режимін қалпына келтіру жоспарланып отыр.
Еске салсақ, Семей–Қайнар бағытындағы жолда вахтаға бара жатқан 50 жолаушысы бар автобус аударылды.