Астана мен Гуанчжоу арасында тікелей рейс ашылды

Бүгін, 09:03
Думан Аманжол Думан Аманжол
Астана мен Гуанчжоу арасында тікелей рейс ашылды
Фото: Air Astana әуе компаниясы

2 маусымнан бастап Астана – Гуанчжоу бағытында жаңа тікелей рейс іске қосылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына сілтеме жасап.

Рейстер заманауи Airbus A321LR ұшақтарымен аптасына екі рет ұшады.

Астанадан рейстер — сейсенбі және бейсенбі күндері, Гуанчжоу қаласынан кері рейстер — сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

Ұшу уақыты шамамен 6 сағат 45 минутты құрайды. Екі ел арасындағы ұшуды Air Astana әуекомпаниясы орындайды. 

Әуежайдың мәліметінше, жаңа рейс Қазақстан мен Қытай арасындағы сапарларды ары қарай ыңғайлы ете түспек. 

Еске салсақ, Ақтаудан Батумиге алғашқы тікелей рейс ұшты.