Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, қоқыс жинады

Бүгін, 09:43
Думан Аманжол Думан Аманжол
Astana Half Marathon қатысушылары «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, қоқыс жинады
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Astana Half Marathon жарысы барысында қатысушылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында плоггинг өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Плоггинг – жүгіру мен қоқыс жинауды ұштастыратын экологиялық акция. Қатысушылар жарыс кезінде марафон бағыты бойындағы пластик бөтелкелер мен өзге де қоқыстарды жинады.

«Мұндай акциялар қаланың тазалығын сақтауға ғана емес, жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етеді. Марафон барысында көптеген қатысушы мен қала тұрғындары бастаманы белсенді қолдап, акцияға қосылуға тырысты», – деді қатысушылардың бірі.

Сонымен қатар Astana Half Marathon аясында қоқыстарды бөлек жинауға арналған арнайы пунктер, пластикті қайта өңдеу аймақтары және «Таза Қазақстан» акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы басқа да іс-шаралар ұйымдастырылды.

Еске салсақ, бүгін елордада Astana Half Marathon жартылай марафоны бесінші рет, мерейтойлық форматта өтуде