Астана – Ереван бағытында жаңа әуе рейсі ашылады
Астана – Ереван – Астана бағыты бойынша жаңа халықаралық әуе рейсі іске қосылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«20 сәуірден бастап Shirak Avia әуе компаниясы осы бағытта тұрақты ұшуларды бастайды. Рейстер аптасына бір рет, дүйсенбі күндері жүзеге асырылады», делінген хабарламада.
Жаңа тікелей әуе бағыты Қазақстан мен Армения арасындағы жолаушыларға ыңғайлы қатынау мүмкіндігін ұсынып, екі ел арасындағы туристік, іскерлік және мәдени байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.
Сонымен қатар, бұл бағыт жолаушыларға сапарларын тиімді жоспарлауға және жаңа бағыттарды зерттеуге кең мүмкіндік бермек.
Айта кетейік, отандық әуе компаниясының Boeing 737 MAX 8 жаңа ұшағы Шымкент – Астана – Шымкент бағытында алғашқы рейстерін орындай бастады.