Астана әкімі Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды
Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Ұлы Отан соғысы батырларына арналған ескерткіштер мен мемориалдарға гүл шоғын қойғаны туралы жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Майданда қаза тапқан қазақстандықтардың рухы бір минут үнсіздікпен еске алынып, ел тыныштығы мен тәуелсіздігі жолындағы ерліктері ұлықталды.


«9 мамыр – ұрпақтарды тоғыстыратын ерекше күн. Бұл күні біз бейбіт өмір мен азаттықты жанқиярлықпен қорғап қалған ардагерлердің, майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігіне құрметпен тағзым етеміз.
Отан үшін от кешкен ардагерлер мен соғысқа қатысқан жандарға алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шаңырақтарыңызға амандық, елімізге бейбітшілік тілеймін!
Жеңіс күні құтты болсын!» - деп жазды Жеңіс Қасымбек.

Бұған дейін Астана әкімі ардагерлер, тыл еңбеккерлері және елорда тұрғындарын 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады.