АШМ: Тері мен жүнді қайта өңдейтін өндірістік қуаттар қалпына келтіріледі
17 ақпан, 2026
Фото: freepik.com
Елімізде тері мен жүнді қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды кезең-кезеңімен қалпына келтіру және жаңғырту жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министр 2025 жылы ірі нысандар пайдалануға берілгенін атап өтті.
Олар:
- Ақтөбе қаласындағы қуаты 2,2 мың тонна «Қазфельтек» жүнін қайта өңдеу жобасы;
- Ақмола облысындағы қуаты 2,4 мың тонна «Агро Протеин» жемшөп қоспаларын өндіру жобасы.
«Саланы одан әрі дамыту мақсатында 9,9 млрд теңгеге 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар қосымша 1,3 млн тонна өңдеу қуатын іске қосады», — деді Айдарбек Сапаров.
Еске салсақ, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында автомобиль өндірісі өткен жылы рекордтық өсім көрсетіп, машина жасау секторының 41,7%-ына жеткенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:01
Аида Балаева Алакөл жағалауының жазғы туристік маусымға дайындығымен танысты
8 сәуір, 2026
Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді
8 сәуір, 2026
Олжас Бектенов Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді
8 сәуір, 2026
Ел бюджеті жоспардан асып түсті: кірістер 17%-ға жуық өсті