Арал теңізінің құрғаған аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр

Арал теңізінің құрғаған аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың төрағалығымен Арал теңізінің құрғаған аумағында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға ҚазҒЗИАҒШ ғылыми қызметкерлері мен Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мамандары қатысты.

Кеңес барысында өңірде жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулердің барысы, сондай-ақ мамандардың атқарып жатқан жұмыстары талқыланды. Қатысушылар Арал теңізінің құрғаған табанын қалпына келтіруге бағытталған ғылыми тәсілдер мен жобалардың маңыздылығын атап өтті.

Бұл бағытта ҚазҒЗИАҒШ-тың Алматы филиалына бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, отырғызылатын көшеттерді өсіру және фитолесомелиорациялық екпелер құру жұмыстарының орындалуын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігі белгіленді.

Сонымен қатар аталған бағытта жаңа технологиялар мен әдістерді зерттеу және оларды тәжірибеге енгізу жұмыстары жалғасады.

Бұған дейін «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясы аясында өңірлерде 30 бұлақтың көзі аршылып, айналасы тазартылғанын жаздық.