Ақтөбеде жол апатынан төрт адам мерт болды (ВИДЕО)

Бүгін, 15:47
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақтөбеде жол апатынан төрт адам мерт болды (ВИДЕО)
Фото: freepik.com

Ақтөбе-Орск тас жолы бойында жол апатынан төрт адам мерт болды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жергілікті полицияның мәліметінше, Қарғалы ауданында орын алған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Ақтөбе–Орск автожолында Opel маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеуде, болған жағдайдың барлық мән-жайы мен себептері анықталуда», - деді Қарғалы ауданы Полиция департаменті басшысының орынбасары Ардана Саймағамбетов.

Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қауіпсіз жылдамдықты таңдауға, сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шығуға жол бермеуге шақырады. Мұндай әрекеттер көбіне ауыр зардаптарға әкеп соқтырады.

Еске салайық, бұған дейін Астана-Щучинск жолында жол апатынан бес адам зардап шеккені туралы жаздық.