Ақтөбе облысында боран кезінде «Ақтөбе-Астрахань» автожолында ірі жол апаты болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Тамды ауылының маңында болған, жол көрінбей әрі тоқтап үлгермей 10 көлік бір-біріне соғылған.
Оқыс оқиғадан үш адам зардап шеккен. Олар түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиға орнында тергеу-жедел тобы жұмыс істеді, болған жағдайдың барлық мән-жайы анықталып жатыр.