19.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақша-кредит саясаты теңгеге деген сенімді нығайтуға бағытталады – Ұлттық банк төрағасы

|
Photo: Видеодан скрин
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақша-кредит саясаты теңгеге деген сенімді нығайтуға бағытталады – Ұлттық банк төрағасы

|
Photo: Видеодан скрин

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-кредит саясаты инфляцияны төмендетуге, инфляциялық күтімдерді тұрақтандыруға және теңгеге деген сенімді нығайтуға бағытталатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында қазіргі кездегі инфляцияны төмендету және халықтың әл-ауқатын арттыру басты міндетіміз екенін, оған баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Қазандағы инфляция 12,6 пайыз болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 13,5 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарларының бағасы 11 пайызға, ақылы қызметтер 12,9 пайызға өсті. Баға қысымының күшеюі ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен қалыптасты. Ішкі факторлардың ішінде фиксальдық тұтынушылық кредидеттеу, тұрғын үй тарифтерінің өсуі, жанар-жағармай бағасының өсуі. Сыртқы факторлардың ішінде әлемдік азық-түлік бағасының өсуі, көршілес Ресейдегі валюта бағамының нығаюы және жоғары инфляция, сондай-ақ әлемдегі сауда шектеулерінен туындаған белгісіздікті атап өткен жөн. Осы жағдайда Ұлттық банк 10 қазанда макроэкономикалық теңгерімді қалпына келтіру мақсатында базалық мөлшерді 18 пайызға дейін көтерді», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар ол бұдан бөлек бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті.

«Қабылданып жатқан бағдарлама аясында Ұлттық банк бірқатар шараларды қабылдайтын болады. Соның бірі – ұстамдық ақша-кредит саясатын жүргізу. Ақша-кредит саясаты инфляцияны төмендетуге, инфляциялық күтімдерді тұрақтандыруға және теңгеге деген сенімді нығайтуға бағытталады. Базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдағанда тәуекелдер балансы сыртқы конъектура мен ішкі сұраныс, жұмыспен қамту және басқа да экономикалық факторлар жан-жақты талданып, есепке алынады. Ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру мақсатында артық өтімділікті алу және монеталық бейтараптықты арттыру бойынша қосымша шаралары іске асырылады», - деді Тимур Сүлейменов.

Оның сөзінше, осы жылдың басынан бері валюталық операцияларды теңестіру тетігі ұйымдастырылды.

«Ол алтын сатып алуды және валюталық эмиссиялық әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. Биылғы 10 айда 2,7 трлн теңге алынды. Жыл соңына дейін қосымша 1 трлн теңге алу жоспарлануда. Бағдарлама шеңберінде теңестірумен қатар 2026-2027 жылдар ішінде 2024 жылғы эмиссияны айналыстан шығару қарастырылады. Бұған қоса теңестіру операцияларының көлемін арттыру шетел валютасы ұсынысын арттыруға және валюта нарығын балансқа келтіруге ықпал етеді», - деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗