21.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақмолалық «депозитке» аударған 5 млн теңгесінен айырылды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Ақмолалық «депозитке» аударған 5 млн теңгесінен айырылды

|
Photo: Оңалхан Өнерхан

Ақмола облысының тұрғыны өзін ұлттық банктің қызметкері ретінде таныстырған алаяқтардың құрбаны болды. Белгісіз қосымшаны телефонға орнатқаннан кейін оның депозитінен 5 млн теңге үшінші тұлғалардың шотына аударылып кеткен, деп хабарлады Elordainfo.kz Ақмола облысының полиция департаментіне сілтеме жасап. 

Сандықтау ауданының полиция бөлімі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеліп жатыр. 

55 жастағы жергілікті тұрғын белгісіз адамның қоңырауынан кейін телефонына қосымша орнатып, келесі күні депозитте сақталған 5 000 000 теңгеден айырылды.

Бұл ретте өтініш беруші қандай да бір кодтарды, жеке деректерді немесе банктік шоттарды ешкімге айтпаған. Сондай-ақ ақша қаражатын аудармаған.

«Ауыл тұрғыны өзін ұлттық банктің қызметкерлері болып таныстырған белгісіз адамдардан қоңыраулар түскенін айтты. Олар ер адамды ақшаны бір банктің депозитінен екіншісіне аударуға көндіріп, оны бұл қауіпсіздік техникасы екеніне сендірген. Кейіннен ақмолалық депозитті тексергісі келгенде, ол 2,5 млн теңгеден екі транзакциямен 5 000 000 теңге үшінші тұлғалардың шоттарына аударылғанын көрген. Қазіргі уақытта полиция жедел және тергеу іс-шараларын жүргізуде», - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі. 

Құқық қорғау органдары азаматтардан ұялы телефонына белгісіз қосымшалар мен бағдарламаларды орнатпауды және күдікті сілтемелер бойынша өтпеуді ескертеді.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗