«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде еріктілерге арналған танымдық дәріс өтті

«АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде еріктілерге арналған танымдық дәріс өтті
Фото: «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені

Бүгін «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде «Астана жастары» еріктілер қозғалысының қатысушыларына арналған «Тоқта, вандал!» бағдарламасы аясында «Вандализм және бұзақылық» тақырыбында танымдық дәріс өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың құқықтық мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін арттыру.

Дәріс барысында вандализмнің туындау себептері, агрессивті мінез-құлықтың психологиялық алғышарттары және мұндай әрекеттердің қоғамға тигізетін кері әсері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған жауапкершілік түрлері түсіндіріліп, нақты мысалдар келтірілді.

Кездесу соңында еріктілер өздерін толғандырған сұрағын қойып, мамандардан жан-жақты жауап алды. Мұндай іс-шаралар жастардың заңға құрметпен қарап, қоғамдық құндылықты сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.