Референдум-2026

Алматыда жеке сот орындаушысы заңды өрескел бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды

Алматыда жеке сот орындаушысы заңды өрескел бұзғаны үшін лицензиясынан айырылды
Оңалхан Өнерхан

Алматы қаласының прокуратурасы жеке сот орындаушысының қызметін тексеру барысында заңнама талаптарының өрескел және жүйелі түрде бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот орындаушысы талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі соттың қабылдаған шараларына қарамастан, борышкердің банк шотынан екі рет заңсыз тыйым салуды алып тастағаны анықталды.

«Салдарынан өндіріп алушының құқығы бұзылған, өйткені жауапкер ақшаны кедергісіз пайдалану мүмкіндігіне ие болған, бұл сот актісінің нақты орындалуына қауіп төндірген. Тексеру нәтижесі бойынша қала прокуратурасы жеке сот орындаушысы лицензиясын қолдануына тоқтау қоя отырып, Әділет департаментіне қадағалау актісін енгізді», делінген хабарламада.

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының шешімімен жеке сот орындаушысы өзінің кәсіби қызметімен айналысу құқығынан айырылды.

Еске салсақ, Астанада соңғы үш жылда сот орындаушыларының шешіміне келіспеуге қатысты істер көбейген.