Прокуратура кеңсені және қылмыстық жолмен алынған табысты тәркіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
«Түркия азаматы Алматы қаласында өзіне бағынышты компаниялар арқылы жұмыстарды нақты орындамай және тауарларды жеткізбей, 1 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактураларды жазып берудің заңсыз схемасын ұйымдастырған», делінген хабарламада.
Ол қылмыстық жолмен мүліктік пайда тауып, оны заңдастыру мақсатында астанадан үй-жай сатып алып, жалға берген.
Бірінші сатыдағы сот оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, рақымшылықты қолданған, алайда үй-жайды және оны жалға беруден түскен табысты міндетті түрде тәркілеу мәселесі шешілмеген.
Прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша жоғары саты соты сот актілерін өзгертті. Сотталғанға мүлікті тәркілеу түріндегі қосымша жаза тағайындалып, үй-жайды және оны жалға беруден түскен табысты мемлекет меншігіне қайтарды.
Еске сала кетсек, Астанада заңсыз ойын бизнесінен алынған табыс өндірілді.