Әлинұр Қуатұлы джиу-джитсудан жағажайдағы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
24 сәуір, 2026
Фото: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Әлинұр Қуатұлы джиу-джитсудан Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Әлинұр Қуатұлы 69 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.
Ол қола жүлде үшін өткен белдесуде Сингапур өкілі Ноа Тянь Рун Лимді 50:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Айта кетейік, бұған дейін Батыр Теңізбай (62 келіге дейін) қола медаль алған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
14 маусым, 2026
Қазақстан Қытайда өткен триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
14 маусым, 2026
Бүгін елордада Phygital Contenders Astana 2026 чемпиондары анықталады
14 маусым, 2026
Ұландық спортшы панкратионнан Азияның үш дүркін чемпионы атанды
12 маусым, 2026
Билли Джин Кинг кубогы: қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды