Айдос Сарым: Пропорционалды сайлау жүйесі азаматтардың құқығын шектемейді
Астанада өткен «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сараптамалық алаңда Айдос Сарым осылай пікір білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz AMANAT партиясына сілтеме жасап.
Іс-шараға Парламент депутаттары, Конституциялық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, академиялық және сарапшылық қауымдастық, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.
Жиында Мәжіліс депутаты Айдос Сарым пропорционалдық жүйе азаматтардың сайлау және сайлану құқығын шектейді деген пікірдің негізсіз екенін айтты. Оның сөзінше, мажоритарлық округтер сақталады, ал партиялық жүйе өкілдікті әділ бөлуді қамтамасыз етеді.
«Пропорционалды сайлау жүйесі азаматтардың құқығын шектемейді, керісінше партияаралық бәсекені күшейтіп, саяси жауапкершілікті арттыруға және заң сапасын жақсартуға мүмкіндік береді», – деп түйіндеді ол.