Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Көркем гимнастикадан Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Бүгін жекелей көпсайыстың финалы өтті. Қазақстан намысын Айбота Ертайқызы мен Ақмарал Ерекешева қорғады.
Жарыс қорытындысы бойынша Айбота Ертайқызы 113,65 ұпай жинап, күміс медаль иеленді. Ал Ақмарал Ерекешева 111,90 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтады.
Алтын медаль Өзбекстан өкілі Тахмина Икромоваға бұйырды – 115,10 ұпай. Қола жүлдені оның отандасы Наталья Усова жеңіп алды – 112,40.
Еске сала кетсек, бір күн бұрын Қазақстан құрамасы командалық көпсайыста күміс жүлдеге ие болған еді.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Вьетнамда күрестен өткен жастар чемпионатында 6 медаль жеңіп алғанын жаздық.