Қазақстан құрамасы Вьетнамда күрестен өткен жастар чемпионатында 6 медаль жеңіп алды
Вьетнамның Дананг қаласында күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Ең алдымен бозкілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты. Қазақстан құрамасы екі алтын, үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды.
Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Ислам Евлоев (97 келіге дейін) алтыннан алқа тақты.
Ибрахим Нұрмұхаммед (72 келіге дейін), Әлихан Дүрсінов (77 келіге дейін), Джохар Узаров (130 келіге дейін) күміс медаль еншіледі
Ал Кирилл Минько (82 келіге дейінгі) қола медальға ие болды.
Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 1 маусымға дейін жалғасады.
Еске сала кетсек, Қазақстанның теннистен жасөспірімдер құрамасы халықаралық турнирді күміс жүлдемен аяқтады.