АЭА инфрақұрылымын 100% қамтамасыз ету үшін Үкімет қандай шаралар қабылдап жатыр

АЭА инфрақұрылымын 100% қамтамасыз ету үшін Үкімет қандай шаралар қабылдап жатыр
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов экономиканың қол жеткізілген өсу жылдамдығы инфрақұрылымды озық қарқынмен дамытуды талап ететінін айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министрдің мәліметінше, арнайы экономикалық аймақтардың өзінде инфрақұрылыммен орташа қамтамасыз ету деңгейі небәрі 53 пайызды, ал индустриялық аймақтарда бұл көрсеткіш 48 пайызды құрайды.

Осыған байланысты Үкімет арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда инфрақұрылымды жедел дамыту бойынша бірқатар қажетті шешім қабылдауда.

АЭА мен ИА-ны инфрақұрылыммен 100% қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдер қабылданды.

«Алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылым салуға 1 трлн теңге көлемінде инвестициялар тартылады», – деді Олжас Бектенов.

Бұған дейін Бектеновтің Үкімет бизнесті қолдаудың қосымша шараларын әзірлеп жатқанын айтқанын жаздық.