20 жыл қашып жүрген: Павлодардағы қарақшылық шабуылға қатысы бар күдікті Ресейден экстрадицияланды

20 жыл қашып жүрген: Павлодардағы қарақшылық шабуылға қатысы бар күдікті Ресейден экстрадицияланды
Прокуратура видеосының скрині

Қылмыстық топ құрамында қарақшылық шабуыл жасаған күдікті Ресейден экстрадицияланды. Қылмыскер 20 жыл қашып жүрген, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу материалына сәйкес, күдікті 2006 жылы Павлодарда қылмыстық топ құрамында қару пайдаланып, қарақшылық шабуыл жасауға қатысқан, жәбірленушінің мүлкін иемденген.

Оның сыбайластарын сот әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырды. Ол қылмыстық қудалау органынан жасырынып жүрді, соған байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

2025 жылғы қыркүйекте күдікті Ресейдің Новосібір облысында ұсталды, кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды. Тағылған айыптары үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Еске сала кетсек, таяуда Ұлттық қауіпсіздік комитеті іздеуде жүрген 4 қазақстандықты шетелден елге қайтарды.