Қызылорда–Ақтөбе тасжолында батып қалған ауыр жүк көлігі шығарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Компания мәліметінше, кеше 1403 байланыс орталығына жүк көлік жүргізушісі хабарласып, республикалық Қызылорда–Ақтөбе автожолының бойындағы кемпинг аумағында 100 тонналық ауыр жүк көлігінің батып қалғанын хабарлады.
Операторлар дереу облыстық филиал мамандарына жағдайды толық баяндап, жедел әрекетке шақырды. Мамандар Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданына жетіп, көлікті қауіпсіз түрде сүйреп шығарып, жолдың жүріс бөлігіне қойды.
Айта кетерлігі, компанияның 1403 байланыс орталығы тәулік бойы жұмыс істейді.
Еске салсақ, «Астана – Қарағанды» тас жолында 7 автокөлік соқтығысқан болатын.