Жетісу облысында алаяқтық жасаған әйел сотталды
9 желтоқсан, 2024


Фото: freepik.com
Жетісу облысында алаяқтық жасаған әйел 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Бірнеше рет жасаған алаяқты полиция Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен ұстады.
«2 жыл бойы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған әйел халықтың сеніміне ие болып, оларға ауыл шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша несие алуға және тегін субсидиялар алуға көмегін ұсынған.
13 адам алаяқтың құрбаны болды, оның келтірген шығыны 12 миллион теңгеден асты», - делінген хабарламада.
Жетісу облысының прокуратурасы азаматтарды қырағы болуға, гранттар, субсидиялар немесе несиелер алған кезде орын алған мұндай жағдайлар туралы хабарлауға шақырды.
Ұқсас жаңалықтар