Заңсыз айналымнан 20 келі синтетикалық есірткі тәркіленді

Бүгін, 11:48
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Заңсыз айналымнан 20 келі синтетикалық есірткі тәркіленді
Фото:ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Қырғызстанның құзырлы органдарымен бірлесе халықаралық есірткі арналарын жою бойынша екі арнайы операция жүргізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәлімдеді.

Аталған елдердің аумағында бірлескен іс-қимыл нәтижесінде есірткіні көтерме саудамен өткізген қылмыстық топтың 4 мүшесі ұсталды.

Заңсыз айналымнан 20 келі синтетикалық есірткі тәркіленді.

Есірткі саудасының халықаралық арналарын бейтараптандыру бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр.