00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қыз алып қашу дәстүр ме әлде қылмыс па? – Президент ойын айтты

15 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қыз алып қашу дәстүр ме әлде қылмыс па? – Президент ойын айтты
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыған қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз, - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс екенін айтты. 

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар». Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Біз осы мәдени кодымызды сақтап, бабалар жолымен жүруіміз керек, - деді Мемлекет басшысы.