00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Туристік жарна бойынша Алматы көш бастап тұр

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Туристік жарна бойынша Алматы көш бастап тұр
фото: Оңалхан Өнерхан

Жыл басынан жергілікті бюджетке шетелдіктерден 314 млн теңгеге жуық туристік жарна түсті, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Туристік жарна түсімі бойынша көш басында – Алматы қаласы. Оңтүстік мегаполиске жалпы соманың 86%-ы немесе 270,6 млн теңге тиесілі. Екінші орында Астана қаласы тұр. Мұнда  37,7 млн теңгеден артық туристік жарна жиналған. 

Оның мөлшерін жергілікті әкімдіктер белгілейді. Қаражат та жергілікті атқарушы органдардың бюджетіне түседі.

Одан түскен қаражат туристік инфрақұрылымды дамытуға, аумақтарды абаттандыруға, туристік мүмкіндіктерді ілгерілету бойынша іс-шараларды іске асыруға бағытталуы керек. Бұл өңірлерге келетін туристердің санын арттыруға ынталандыратын болады,-деді МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.