Жеке куәліктегі тегін қазақшалау үшін не істеу керек


Жеке куәлікті тегінің өзгеруіне байланысты, оның ішінде неке қию немесе некені бұзу кезінде, сондай-ақ ұлттық дәстүрлер бойынша жеке куәлікті қалай ауыстыруға болады? Тегін ауыстыруға байланысты жеке куәлікті ауыстыру тәртібін Elordainfo.kz. тілшісі назарыңызға ұсынады.
eGov порталы мәліметінше, ұлты қазақ азаматтар қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес тегі мен әкесінің атына өзгерту туралы өтініш білдірген кезде паспорттар мен жеке куәліктерді олар ұсынған туу туралы куәліктерге сәйкес олардың тегі мен әкесінің атын бұрынғыдай жазып ресімдеуге жол беріледі.
Туу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізумен қоса, өздерінің анықтамалық деректерін өзгерткен адамдар тұрақты тіркелген жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) келесі құжаттарды ұсынады:
- анықтамалық деректерді ауыстыру туралы еркін нысандағы өтініш;
- анықтамалық деректерді ауыстыру туралы куәлік (бар болса);
- туу туралы куәлік;
- ауыстырылатын жеке куәлік, паспорт;
- мемлекеттік бажды төлегені туралы құжат (мемлекеттік бажды төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарды ұсынады).
Жеке куәлік пен паспортты ауыстыру процесі 15 жұмыс күнінде орындалады, бірақ азаматтың қалауы бойынша қызмет Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында 1 және 3 жұмыс күнінде, облыс орталықтарында 3 және 5 жұмыс күнінде, облыстардың аудандары мен қалалары үшін 7 жұмыс күні ішінде жедел түрде орындаауға болады.