ТЖД астаналықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады
ТЖД астаналықтарға ауа райына байланысты ескерту жасады
«Қазгидромет» РМК алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады Elorda.info.
Дауылдың алдын алуға байланысты Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарына қырағы болуға, ауа-райының өзгеруі және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалауға кеңес береді, - деп жазылған хабарламада.
Жел күшейген кезде ең алдымен тұрғын үйлердегі электр желілерін, жылыту пештерін тексеру және өртке қарсы құралдарды дайындау қажет. Пәтердегі электр желісінің кернеуі көтерілген кезде барлық құрылғыны дереу тоқтан ажыратыңыз.
Боран кезінде сіз ғимаратта болсаңыз:
-Қажет болған жағдайда ғана ғимараттан шығыңыз.
- Шығуға қажеттілік пайда болса, қайда бара жатқаныңыз және қашан қайтып оралатыныңыз туралы отбасы мүшелеріңізге немесе көршілеріңізге хабарлаңыз.
- Жалғыз шықпауға тырысыңыз.
Егер сіз жолда болсаңыз:
- Тас жолда ғана жүріңіз.
- Көліктен шыққан кезде одан алыстамауға тырысыңыз.
Үзіліссіз гуілдермен дабыл беріңіз, сорғышты (капот) көтеріңіз немесе антеннаға ашық түсті матаны іліңіз, автокөлікте көмек күтіңіз.
«Естеріңізде болсын: әсіресе арқамен, бетпен құлау қауіпті. Бастан зақым алуыңыз мүмкін. Зардап шексеңіз міндетті түрде дәрігерге алғашқы медициналық көмек алуға қаралыңыз. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз! – деп жазылған қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.