00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Су тасқыны: Қостанайда сарбаздар халыққа көмектесті

Су тасқыны: Қостанайда сарбаздар халыққа көмектесті
Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының жауынгерлері тұрғындарға жеке заттарын және автокөліктерін шығаруға көмектесті, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұланның 100-ге жуық әскери қызметшісі ұзындығы 1500 метр және биіктігі 150 сантиметр болатын Тобыл өзенінің жағасын нығайтып, 13000-нан астам қап дайындап, төседі. Сондай-ақ, батальон командирі майор Василий Гунько бастаған жедел мақсаттағы 1 батальонның сарбаздары таңғы сағат 5.30-дан бастап тік тұрып қызмет етуде және су басқан елдімекендерде қоршауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындайтынын және тұрғындарға су басқан үйлерден мүлік пен техниканы эвакуациялауға көмек көрсетеді. Сондай-ақ полиция қызметкерлерімен бірлесіп су тасқынына жол бермеу үшін патрульдік-бекеттік қызмет атқарады.

Біздің жеке құрамымыз 6 сәуірден бастап Қостанай қаласындағы ТЖ режимі бойынша қоғамдық тәртіпті қорғауға тартылды - облыс орталығы тұрғындарының үйлері мен пәтерлеріндегі оның су басқан шағын аудандарындағы мүлікті қорғау бойынша міндеттерді орындайды. Сондай-ақ, су тасқыны қаупі жоғары бағыттарға бейбіт тұрғындардың өтуін шектейміз. Қажет болған жағдайда жергілікті тұрғындарға жеке мүлікті, көлікті және үй жануарларын эвакуациялау бойынша көмек көрсетеміз, – деп атап өтті 6697 әскери бөлімінің командирі полковник Талғат Әбдіров.