00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Синоптиктер бірнеше өңірде үсік жүретінін ескертті

3 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Синоптиктер бірнеше өңірде үсік жүретінін ескертті
фото: Бақтыгүл Бурбаева

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін еліміздің бірқатар өңірлерінде күн райы бұзылатынын ескертті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде, шығысында кейбір уақыттарда қатты жаңбыр жауады. 3 қыркүйекте түнде елдің шығысында жауын-шашын күтіледі.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде солтүстік-батыс антициклон сілемімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі уақытта солтүстік және шығыс аймақтарда тұман, топырақ бетінде 2 градусқа дейінгі үсік болады.

Сондай-ақ күндіз температура біртіндеп төмендейді: республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында +8+15°С дейін, оңтүстігінде +20+28°С дейін төмендейді.