Шығыс Қазақстанда 55 шақырым суару каналы тазартылды
10 маусым, 2025


фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Вегетациялық кезеңге дайындық аясында Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалы 55 шақырым суару каналын тазартты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Атап айтқанда, Ақжар учаскесінде 8 шақырым, Зайсан учаскесінде 9,3 шақырым, Күршім учаскесінде 37,7 шақырым канал тазартылды. Алдағы уақытта тағы 30 шақырым каналды тазарту жоспарланып отыр.
«Шығыс Қазақстан облысында биыл вегетация маусымы 10 күнге ерте басталды. Қазіргі уақытта облыста суару кезеңі белсенді фазасы жүріп жатыр. Бүгінгі күнге шаруалармен суармалы су беру жөнінде 290 келісімшарт жасалды»,- деді Шығыс Қазақстан облысының «Қазсушар» филиалының директоры Нұржан Әміржанов.
Ұқсас жаңалықтар

23 маусым, 2025
Қытайдан Қазақстанға әуе билеттеріне сұраныс 86% артты

23 маусым, 2025
Қазақстан Қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылады

23 маусым, 2025
Қызылорда облысында су соратын 13 заңсыз қондырғы анықталды

23 маусым, 2025
Полицейлер қызметте қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым етті