00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Сенатта мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты заң мақұлданды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенатта мүмкіндігі шектеулі адамдарға қатысты заң мақұлданды
Фото: 24.kz

Мүмкіндігі шектеулі адамдар енді экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарын халықаралық деңгейде қорғай алады, деп хабарлады Elorda.info.

Сенаттағы жалпы отырыста осындай мүмкіндік беретін жаңа заң мақұлданды, деп жазады Хабар24.

Хаттаманы 2006 жылғы 13 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдаған еді. Қазақстан құжатқа 2008 жылы қол қойды. Алайда осы уақытқа дейін тиісті рәсімдер өткізілген жоқ. Бұл Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетінің құзыретін мойындайтынын білдіреді. Яғни, комитетке мүгедек жандардың арыз-шағымын қабылдауға мүмкіндік беріледі.

Айта кетейік, елімізде 700 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан бар. Бұл – халықтың 3,7%-і.