00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

«Сарыарқа» ауданында соңғы 4 жылда 54 аула жаңартылды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Сарыарқа» ауданында соңғы 4 жылда 54 аула жаңартылды
ашық дереккөз

Елдің дамуы мен әлеуметтік-экономикалық ілгерілеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі – сыбайлас жемқорлықты жеңу. Бұл проблемаға бүкіл әлемде үлкен көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. 

«Сарыарқа» ауданының аппараты өз қызметі аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асырудың маңыздылығын, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын, қолжетімділігін және тиімділігін ескере отырып, басты назар ауданның және жалпы қала тұрғынарына сапалы және уақтылы мемлекеттік қызмет көрсетуге бағытталған.

 Сонымен бірге, қала тұрғындарына Аппараттың фронт-офисінде мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы және сапалы алу үшін қызметтерді көрсету тәртібі туралы қажетті көрнекі ақпараттар мен стендтер орналастырылған. Оған қоса тікелей әр бөлімнің мамандарымен, аудан әкімі ретінде менің жеке қабылдауыма жазылып, тілдесіп, өз мәселелерінің шешімін таба алады. 2022 жылы 7 түрлі қызмет саласында 34 мың адамға, ал осы  жылы ауданның фронт-офисінде адамға 16 мыңнан астам адамға қызмет көрсетілді. Жеке қабылдауда талқыланған мәселелердің кейбірін келесі жылға жоспарласақ, бірқатарын шешімін қысқа уақыт ішінде таптық.  

Тұрғындар тарапынан ең жиі келіп түсетін өтінімдердің бірі - ауланы абаттандыру.  «Сарыарқа» ауданының аумағын дамыту мен абаттандыру мақсатында «Халықтың қатысатын бюджеті» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл тұрғындардың мемлекеттік бюджеттің тиісті жөндеу жұмыстарына жұмсалғанын бақылауына көмектеседі. Тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстарын пайдалана отырып жоба туралы ақпарат аппараттың ресми сайтында жарияланады. Жобаларға дауыс беру міндетті тіркеу және ЭЦҚ арқылы жүргізіледі, бұл процестің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ ауланы күрделі жөндеу басталған кезде эскизді жоба тұрғындардың келісуі және бақылауымен  іске асады. 2023 жылы аталған жобада жеңіп шыққан 15 ауланы күрделі жөндеуден өткізу жоспарда бар. Қазіргі таңда 7 ауланы абаттандырып, қолданысқа берсек, қалған 8-де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал соңғы 4 жылда 54 аула толықтай жаңартылды.

Атап өту керек, ауданның барлық бухгалтерлік есеп-қисаптары әр тоқсан сайын аппараттың ресми сайтына жарияланады.  Сондай-ақ әдеп жөніндегі уәкілмен аппарат қызметкерлері арасында мемлекеттік қызметті атқарумен байланысты этикалық мінез-құлық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында заңда көрсетілген шектеулерді сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Ауданда қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар жалғасын таба беретін болады. Бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.

               Бауыржан Ералы