00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда «пойыз+ұшақ» пилоттық жобасы іске қосылады

23 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда «пойыз+ұшақ» пилоттық жобасы іске қосылады
фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанда «пойыз+ұшақ» пилоттық жобасы іске қосылады, деп хабарлады Elorda.info.

Биыл 3 ақпаннан бастап «пойыз+ұшақ» интермодальды тасымалдау пилоттық жобасы іске қосылады. Бұл жоба «Жолаушылар тасымалы» АҚ, «SCAT» әуекомпаниясы және «UvU» компаниясымен өзара ынтымақтастығының аясында жүзеге асты. 

Жолаушыларға ұсынылатын бұл қызмет автобус, әуе және темір жол билеттерін бір бағыт бойынша сатып алуға мүмкіндік береді. Осылайша азаматтар өздеріне ыңғайлы бағытты таңдап, билет іздеуге жұмсайтын уақыттарын үнемдейді. Сондай-ақ, қызмет арқылы еліміздің барлық қалалары бойынша саяхаттау мүмкіндіктері кеңейеді, - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Пилоттық жоба «Қостанай-Астана-Шымкент» бағытында және кері бағытта сынақ түрінде өткізіледі.

«Қостанай-Астана-Шымкент»(пойыз+ұшақ) бағыты бойынша тақ күндерде жол жүру кестесі:

- Қостанай станциясынан №81 «Қостанай-Астана» пойызы Астана қаласына жөнелтіледі;

- Нұрлы Жол вокзалының №2 келу залының шыға берісінде трансфер Астана қаласының халықаралық әуежайына жөнелтіледі;

- Астана әуежайынан DV 772 «Астана-Шымкент» рейсі Шымкент қаласына ұшады.

«Шымкент-Астана-Қостанай»(ұшақ+пойыз) бағыты бойынша тақ күндерде жол жүру кестесі:

- Шымкент қаласының әуежайынан DV 771 «Шымкент-Астана» рейсі Астанаға қонады;

- Астана қаласы әуежайының №2 терминалының бірінші тұрақ желісінен Нұрлы Жол вокзалына дейін трансфер жөнелтіледі;

- Нұрлы Жол станциясынан №47 «Астана-Атырау» пойызы Қостанайға жөнелтіледі.