Қос азаматтығы бар 233 адам анықталды – ҰҚК
Жыл басынан бері шетелдіктер (Индия, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары) мен ҚР азаматтарының өзге адамның құжаттарын пайдалануының 150 фактісі әшкереленді, деп хабарлады Elorda.info ҰҚК Шекара қызметінің сайтына сілтеме жасап.
Қос азаматтығы бар 233 адам анықталды.
Сондай-ақ жалпы сомасы 2,5 млрд. құрайтын 300-ден астам заңсыз валюта айналымының алды алынды.
Қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өткізбек болған 153 әрекеттің жолы кесілді. Бұл қылмыстар бойынша күдіктілер әрі қарай тексеру үшін ІІМ мен МКД аумақтық бөлімшелеріне тапсырылды.
Одан бөлек, ҚР көші-қон заңнамаларын бұзғаны үшін 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осы орайда, ҰҚК Шекара қызметі шекарадан өту мәселесі жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамаларын сақтау қажеттігін ескертеді.