00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ливандағы бітімгерлер базасына шабуыл жасалды: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді

14 қазан, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Ливандағы бітімгерлер базасына шабуыл жасалды: Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді
фото: Қорғаныс министрлігінен

ВВС Орыс қызметі Израиль армиясы жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 04:30 шамасында Ливандағы бітімгершілік базасының танк қақпасын бұзып кіргенін хабарлады. Мұнда қазақстандық бітімгерлік контингент те БҰҰ миссиясы аясында қызмет етуде. Орын алған жағдайға байланысты Қорғаныс министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

ВВС Орыс қызметінің хабарлауынша, оқиға салдарынан 15 адам жарақат алған.

«Ливанда үш штаб офицері ретінде қазақстандық бітімгерлер штаттық режимде жұмыс істеуде. Аймақтағы жағдайдың тұрақсыздығы олар қызмет ететін жерден шалғайда орын алып отыр. Жағдай ушыққан кезде қазақстандық әскерилерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығы және миссия басшылығымен бірлесіп қабылданатын болады», - деді Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Қорғаныс министрлігі бітімгерлік миссиямен кеткен әскерилермен тұрақты байланыста.

Естеріңізге саламыз, қазақстандық 139 әскери қызметші бітімгерлік миссия құрамында Голан жоталарында өзге елдердің әскерилерімен бірге қызмет атқарып жатыр.