00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Лифтіде сыра ішіп тұрған астаналық полицейлердің видеосы тарады

24 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Лифтіде сыра ішіп тұрған астаналық полицейлердің видеосы тарады
Фото: дереккөз

Видеоны қараған желі қолданушыларының ойы екіге бөлінген. Бірі бұл полицейлердің жұмыс уақытынан тыс кезде болған жайт екенін айтса, енді бірі полицейлер қоғамдық орында сырамен көзге түспеуі керек еді дейді. 

Бұл дерекке қатысты Астананың Полиция департаменті өкілдері жауап берді. Видеоға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілген. 

«Тексеріс нәтижесінде қызметкерлер кезекшіліктен кейін үйіне қайтып келе жатқаны анықталды. Қызметкерлердің құрамында спирті бар сусынды сатып алуы және ішуі анықталмаған. Нысанды киім-кешекті бұзғаны үшін қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Заңның бұзылуына жол бермеу туралы жеке құраммен жұмыс жүргізілді», - дейді ПД өкілдері.