00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Ұландықтар топ болып төбелескендерді тоқтатты

Ұландықтар топ болып төбелескендерді тоқтатты
коллаж Elorda.info

Ұландықтар топ болып төбелескендерді тоқтатты

Ұлттық ұланның жауынгерлері жаппай төбелеске қатысушылардан травматикалық тапанша мен пышақ және көзден жас ағызатын бүріккіштерді тәркіледі, деп хабарлады Elorda.info.

Сағат 18:45 шамасында Талдықорған қаласы Қабанбай батыр (Арбат) көшесі бойында патрульдік бекет қызметін атқарып жүрген әскери жасақ бір-бірімен төбелескен бұзақылар тобын байқаған. Олар жанжал кезінде травматикалық тапанша мен пышақ және көзден жас ағызатын бүріккіштерді қолданған.

Ефрейтор Әділет Теміровтың, патрульші қатардағы жауынгерлер – Қылышбек Толыбаевтың, Ақан Иманбектің және Ермек Нағыметовтың жедел іс-қимылдары мен кәсібилігінің арқасында төбелес шығарған топқа қатысы бар екі бұзақы ұсталды. Осылайша, олар қақтығыстың одан әрі шиеленісуіне жол бермеді және айналасындағылардың қауіпсіздігін сақтай білді, - деп жазылған Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұландықтар болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қоғамдық тәртіп бұзушыларды қалалық полиция басқармасының қызметкерлеріне жеткізді. Айта кетейік, сырттай тінту барысында азаматтардан пышақ, газ құтысы және травматикалық тапанша тәркіленді.