00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қостанай облысында түйе жол апатына себеп болды

13 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қостанай облысында түйе жол апатына себеп болды
фото: polisa.kz

Полиция қызметкерлері түйенің иесін анықтап, жауапқа тартты, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

12 тамыз түнде Қостанай – Қарабұтақ автожолының 59-шақырымында GEELY автокөлігінің жүргізушісі қараусыз жайылып жүрген екі түйені қағып кетті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан түйелер өлді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Іс жүргізу барысында полицейлер түйе иесін анықтады. Ол Б.Майлин ауданының Юбилейное ауылының 50 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Ауылдық учаскелік полицейдің айтуынша, ер адам ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.

Бұл жолы құқық бұзушылар әкімшілік кодекстің екі бабы бойынша жол ережелерін және жоғарыда аталған ережелерді бұзғаны үшін жауапқа тартылды. Оған шамамен 45 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар ол келтірілген залалды өтеуі керек.