«Күйеуін мойындамайтын әйелдер қыз туа береді»: психоаналитиктің пікірі желіде шу тудырды


Әйелдің қыз таба беретініне қатысты психоаналитик Шапағат Есжан өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Қыз туа беру, ұл тумау негізі психикада ер адамның қандай да бір әлсіздігін көріп, оның мықтылығын мойындамау болып жатады. Менің кейстеріме қарасақ, психика – ер адамның келе жатқан жолын мойындамау. Кейде ерлі-зайыптылардың бір-біріне суып кетіп, құрмет азайса, отбасында ұл туылмайды. Дәл осылай ер адам да әйелін сыйламаса, құрметтемесе, мейірім танытпаса, онда қыз көбейеді. Физиологиялық тұрғыда қарым-қатынас болғанда психоэмоционалдық тұрғыда да қарым-қатынас бар емес пе? Сол себепті психиканы жөндеген кезде барлығы дұрыс болады. Менде осыған қатысты нақты кейстер бар», - деді Шапағат Есжан.