«Күтпеген едім»: Баян Алагөзова күйеуі туралы айтты

30 мамыр, 2025
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
«Күтпеген едім»: Баян Алагөзова күйеуі туралы айтты
Фото: Instagram/bayanmaxatkyzy

Белгілі продюсер Баян Алагөзова күйеуіне қолдау  білдірген қазақстандықтарға алғыс білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Мен қазақстандықтарға халық болып қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Расын айтсам, мұны ешкім күтпеген еді. Оның ішінде мен де, Тұрсын да. Ол әлі де халық тарапынан көрсетіліп жатқан осындай реакцияға есеңгіреп жүр. Мен өзімнің жасауға тиіс ісімді, борышымды жасадым. Бір мезгілде екі табақтан ас ішуге болмайды, бір мезгілде екі көлікпен жүре алмайсың. Мен бөлісе аламын, бөліскім келеді. Мұқтаж адамдарға қолдау көрсеткім келеді», - деді өнер иесі.

Оның айтуынша, алғашында Тұрсын Алагөзов бұл істі  жария етуге көнбеген.

«Ол әрқашан жомарт болған. Солай қала береді. Ол адамдарға үнемі көмектеседі. Бұл туралы ешкім білмеген. Ол 100 пәтер сыйлауды шешкенде мен «халық білсін» деп айттым.  Өйткені бұл басқа азаматтар үшін де әлеуметтік жауапкершілік жөнінде ойлануға түрткі болады», - деді Баян Алагөзова.