00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әйел ғалымдарға академик Наиля Базанова атындағы марапат тағайындалды

7 наурыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әйел ғалымдарға академик Наиля Базанова атындағы марапат тағайындалды
Фото: ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы

Алғаш рет Қазақстан мен Орталық Азияның тұңғыш әйел академигі Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған Ұлттық ғылым академиясының марапаты тағайындалды, деп хабарлайды Elorda.info.

Салтанатты іс-шара онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды. Оған еліміздің әр өңірінен 70-тен аса жетекші әйел ғалым қатысып, Ұлттық ғылым академиясының Құрмет грамоталарымен марапатталды.

img_0040-1024x675.jpeg

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев өз сөзінде елімізде Халықаралық әйелдер күні көптеген жыл бойы ресми мереке болып саналып келе жатқанын және адамзаттың әдемі жаратылысы көктемнің, сұлулықтың, нәзіктіктің, рухани даналықтың күні болып саналатынын ерекше атап өтті.

ХХ ғасырдың басына дейін әйелдерді ғылымға жақындатпаған әрі қабілетсіз деп санаған. Сол кездегі әйел ғалымдар көптеген кедергіні жеңуге, ерлердің бүркеншік атын алуға мәжбүр болды. Әйелдердің жұмысы мен ашқан жаңалығы көбіне ер ғалымдардың атынан жарияланған. 

Найля Базанова атындағы әйел ғалымдарға арналған арнайы марапат отандық ғылымның одан әрі дамуын ынталандыру мақсатында тағайындалды.