00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Ішімдікке және есірткіге тәуелді 156 бала есепте тұр – министрлік

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Ішімдікке және есірткіге тәуелді 156 бала есепте тұр – министрлік
коллаж Elorda.info

Елімізде ресми дерек бойынша 20-34 жастағы азаматтар синтетикалық есірткіге әуес келеді. Аталған мәселені Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник көтерді, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

 

Есірткімен күрес өте маңызды, себебі мәселе өскелең ұрпаққа қатысты болып отыр. Бүгінде елімізде 156 бала есепте тұр. Оның ішінде 82 бала ішімдікке және 72 бала ескірткіге тәуелді. Біздегі мәліметке сәйкес, синтетикалық ескірткіге құмарлық әсіресе 20-34 жастағы азаматтар арасында жиі кездеседі. Аталған проблеманың алдын алу және күресу мақсатында біздің министрлік екі бағытта жұмыс істеп жатыр. Алдымен есірткіге тәуелді жандарды емдеу, екіншіден түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізіп, салауатты өмір салтын насихаттау», - деді Вячеслав Дудник.

Вице-министрдің айтуынша, синтетикалық есірткіге тәуелділіктен арылу өте қиын.

Осы орайда проблеманың алдын алу, яғни есірткі таратудың жолын кесу бойынша профилактикалық шараларды өткізу маңызды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біздің министрлік Ішкі істер министрлігі және басқа да құзырлы органдармен бірлесіп, есірткіге қарсы күреске арналған кешенді жоспар әзірледі. Оған сәйкес ДСМ 11 іс-шара ұйымдастыруға жауапты, - деді ол.