00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

ИИДМ-де ауылшаруашылық техникасының өндірісін дамыту мәселелері талқыланды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
ИИДМ-де ауылшаруашылық техникасының өндірісін дамыту мәселелері талқыланды
Фото: ИИДМ

ИИДМ-де ауылшаруашылық техникасының өндірісін дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Elorda.info.

Министрлік мәліметінше, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов Claas Group компаниясының бас директоры Ян-Хедрик Мормен кездесті.

Аталған кездесуде тараптар Claas өнімдерін жеткізу бойынша жаһандық тізбекке қазақстандық өндірушілерді қосып, өнеркәсіп локализациясын тереңдету бойынша әріптестікті арттыру жолдарын пысықтады. Ілияс Есетұлы айтқандай, қазір Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес отандық машина жасаушылардың алдына жергілікті үлесті ұлғайту бойынша міндет жүктеліп отыр.

Осы орайда CT AGRO компаниясы елімізде ауыл шаруашылығы техникасын жеткізу мен сервистік қызметті көрсету бойынша сенімді серіктес екенін айта кетейік. Claas компаниясына келсек, ол әлемдегі ауылшаруашылық техникасының ірі өндірушілерінің бірі болып саналады.

Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында қазақстандық СТ AGRO компаниясы германиялық Claas-пен бірлесіп, CT Assembly кәсіпорнын құрғанын еске сала кеткен жөн. Өндіріс орны 2021 жылдың қыркүйегінде ашылды. Қазір бұл кәсіпорында 60-қа жуық адам жұмыс істеп келеді. Зауыттың жобалық қуаты 370 жылжымалы техника мен 400 тіркемені шығаруға қауқарлы.