00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордалық полицейлер жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқтарды ұстады

Елордалық полицейлер жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқтарды ұстады
Фото: Оңалхан Өнерхан

Астана полицейлері пәтерлерге байланысты алаяқтықты әшкереледі, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Алматы ауданының жедел қызметкерлері тұрғын үй нарығында жалған жарнама берген алаяқтарды ұстады.

Алаяқтықтың танымал түрлерінің бірі – жалған пәтерлерді жалға беуді Талдықорған қаласының 20 жастағы тұрғыны пайдаланған. Жас жігіт «Крыша KZ» сайтында жылжымайтын мүлікті жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Төмен баға мен әдемі фотосуреттер әлеуетті жалға алушыларды қызықтырған. Мәселен, полицияға жүгінген жәбірленуші пәтерді жалға алу үшін 70 мың теңге аударған. Қазіргі уақытта полицияда 14 эпизод тіркелген.

«Алаяқтықтың тағы бір түрі – тұрғын үй алуға, оның ішінде «мемлекеттік бағдарлама» бойынша көмек көрсету. Алаяқтар өздерін мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде көрсете отырып немесе таныстары арқылы тұрғын үйді жедел алуға жәрдемдесуге уәде береді.

Мәселен, полицейлер мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесу сылтауымен 10 адамды алдаған алаяқты ұстады. Бұл ретте ол тұрғын үй қорының қызметкері болып өзін таныстырған. Тағы бір жағдайда, 42 жастағы әйел «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасы бойынша пәтер сатып алуды ұсынып, адамдарды алдаған. Қаскүнем «мемлекеттік органдарда таныс байланыстарым бар» деп, достары мен таныстарын алдаған. Алданған 24 азамат полицияға арызбен жүгінді», - делінген хабарламада.

Алаяқтықтың барлық фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды, осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Полиция азаматтарға қырағы болуды және алаяқтардың қулықтарына алданбауды ескертеді.