00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Еліміздің кей өңірінде қар жаууы мүмкін

16 қыркүйек, 2024
Салтанат Мұратқызы Салтанат Мұратқызы
Еліміздің кей өңірінде қар жаууы мүмкін
Фото: Бақтыгүл Бурбаева

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болмақ. Осыған байланысты синоптиктер дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz  «Қазгидромет» РМК сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. 

Күндіз Павлодар облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, батысында, оңтүстігінде желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 16-17 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Ал Таразда найзағай ойнауы ықтимал. Алматы облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Бүгін түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында, орталығында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Бүгін Маңғыстау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жоғары өрт қаупі Ақтөбе мен Ақтөбе облысында да күтіледі.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман болуы ықтимал. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.