00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Елімізде ойынханалар 50 есеге қысқарды

15 тамыз, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елімізде ойынханалар 50 есеге қысқарды
Оңалхан Оңерхан

Елімізде ойынханалар 50 есеге қысқарды. Ойын бизнесі туралы заңнамаға 62 түзету енгізілді, деп хабарлады Elorda.info Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері  Мәдениет және спорт министрлігі ойын бизнесі саласындағы 6 лицензияның күшін сот тәртібімен тоқтатты. Осыған ұқсас тағы 7 ұйымға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 2022 жылы мемлекеттік бақылау аясында жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, 7 әкімшілік іс қозғалды. Нәтижесінде 1 ойын автоматтары залы лицензиядан айырылды, бірінші инстанция соттың шешімімен үш залдың қызметі тоқтатылды, 6 әкімшілік айыппұл салынды. Бұдан бөлек, алдын-алу жұмыстардың қорытындысы бойынша 15 букмекерлік лицензияның күші жойылды.

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қатысуымен ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға, сондай-ақ ілеспе нормативтік-құқықтық актілерге 62 түзету енгізуді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді. Бұл шаралар заңнаманы бұзғандарға жауапкершілікті күшейтуге, жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдардың алдын алуға және ескертуге бағытталған. Құмар ойындарға тәуелдік мәселесіне ерекше назар аударылып отыр, - деп жазылған хабарламада.

Қазақстанда ойын мекемелерінің саны 50 есе қысқарды. Бұған дейін елде 140-қа жуық казино және 2000-нан астам ойын автоматтары залы болған. 

Бүгінгі таңда 39 лицензияланған мекеме қалды: 6 казино, 10 ойын автоматтары залы, 17 букмекерлік кеңсе, 6 тотализатор. Министрлік депутаттар тобымен бірлесіп заңсыз ойын бизнесімен және құмар ойындардың таралуымен күресу бағытында қосымша заңнамалық шаралар әзірлеп жатыр, - деп жазылған хабарламада.